Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыда 6 адаммен байланыста болған

0
735

Олардың барлығы толық тексеру үшін провизорлық емханаға оқшауланды.


Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыда 6 адаммен байланыста болған

ERNUR.KZ. Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыға келгенде 6 адаммен тығыз байланыста болған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел жайлы ақпарат бізге басқа өңірден келді. Бүгінде Алматы бойынша 6 жақын араласқан адам анықталды. Олардың барлығы толық тексеру үшін провизорлық емханаға оқшауланды», - деді басқарма басшысы.

Мұның алдында 64 жастағы әйелмен тығыз байланыста болған адамдар түгел оқшауланып, тұрғылықты мекенжайы толық зарарсыздандырылатынын жазған едік.