Көшербаев Артемьев шахтасында зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты

0
179

Шығыс Қазақстан облысында 31 тамызда сағат 17.30-да оқыс оқиға салдарынан "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды.


Көшербаев Артемьев шахтасында зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Артемьев шахтасында қаза тапқандарға қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

Үкімет жанынан заңға сәйкес көмектің бәрін береміз. Кеше KAZ Minerals басшыларымен сөйлестім. Жалпы, әр нәрсенің өз қиындықтары мен сұраныстары бар. Соның бәрін жинақтап, біраз уақыттың ішінде шешім қабылдаймыз. Мен кінәлі не кінәсіз екеніне қарамай көмектесу керегін айттым, – деді ШҚО әкімі Үкімет кулуарында.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында 31 тамызда сағат 17.30-да оқыс оқиға салдарынан "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды. Полиция шахтадағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.