Көші-қон комитеті қандастардың квотасын азайту себебін түсіндірді

0
2 580

​Комитет өкілінің сөзіне қарағанда, елімізге Қытай мен Өзбекстаннан келетін қандастар саны да азайған.


Көші-қон комитеті қандастардың квотасын азайту себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі қандастарға арналған жыл сайынғы квотаны азайтудың себебін түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжановтың айтуынша, бүгінде жыл сайынғы квота толығымен орындалмайды. Сол себепті оның көлемін азайтты.

"Негізі, квота мәселесі біздің құзіретімізге кірмейді. Себебі оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді. Бірақ осы салада жұмыс істеп жүргеннен кейін оны жақсы білеміз. Бізде жыл сайын квота бөлінеді. Алайда ол квота 100 пайызға орындалмайды. Себебі қазір қандастардың келуі азайып жатыр. Оның әртүрлі себептері бар", – деді Сейітжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, елімізге Қытай мен Өзбекстаннан қандастар көп келеді. Олардың саны да азайды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар куәлігі eGovMobile қосымшасында қолжетімді екенін хабарлаған болатын. Ал ондай сервис мемлекеттік мекемеге құжаттың түпнұсқасын өзімен бірге алып келмегендер үшін қолайлы.

Куәлік иесі телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электронды құжатын талап еткен жерге көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.