Қостанай облысында 5 тоннаға жуық пішен өртеніп кетті

0
481

Зардап шеккендер жоқ.


Қостанай облысында 5 тоннаға жуық пішен өртеніп кетті

Қостанай облысында өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған орама пішенді сөндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қарасу ауданында жеке ауланың аумағында жалпы алаңы 50 шаршы метр болатын 2 шаруашылық ғимаратпен былтырғы жылғы 5 тоннаға жуық орама пішен өртенді.

Қазір өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.