Қостанай облысында алдағы 3 күнге локдаун режимі енгізілді

0
707

Шектеу шаралары 2020 жылдың 11 шілдесі сағат 00:00-ден басталады.


Қостанай облысында алдағы 3 күнге локдаун режимі енгізілді

ERNUR.KZ. 11-13 шілде аралығында өңірде локдаун режимі енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.


Қостанай облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 11 шілдесі сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 13 шілдесі сағат 00:00-ге дейін облыс территориясында локдаун тәртібі қабылданады. Шектеу шаралары туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.

Сонымен, алдағы 3 күнде тұрғындарға үйден жұмысқа және саяжайға баруға, ем алуға, дәрі-дәрмек, азық-түлік сатып алуға, қоқыс төгуге шығуға ғана рұқсат етіледі.


«Қоғамдық көлік жұмысына (жергілікті әкімдіктер бекіткен саяжай автобустарынан басқа) тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық сауда объектілерінің қызметі тоқтатылады. Азық-түлік сататын сауда нысандары жұмыс істейді. Барлық сауда базарларының қызметіне уақытша тыйым салынды. Скверлер, саябақтар, жағажайлар және демалыс базаларының жұмысы тоқтатылады. Осы қаулы күшіне 2020 жылғы 11 шілде 00:00 сағаттан бастап енеді», - деді Ю. Севостьянов.


Айта кетейік, кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуалды баяндаған болатын.