Фактіні полиция растады.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің подполковнигі кафелердің бірінде төбелес шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Тәртіп бұзған полицейдің әрекеті кафенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бірнеше ер адамның шекісіп қалғаны көрінеді.
«Осы факт бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, оның шеңберінде қызметкердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметкердің де, басшылықтың да кінә дәрежесі анықталатын болады», - деп жауап берді полициядан.