Қостанай облысында КамАЗ 55 жастағы ер адамды қағып кетті

0
864

Ер адам оқиға орнында көз жұмған.


Қостанай облысында КамАЗ 55 жастағы ер адамды қағып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Тобыл және Заречное аудандарының тас жолында ауыр жол апаты орын алған. Оқиғаның нәтижесінде 55 жастағы ер адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

55 жастағы азаматтты "Пристань" кафесінің жанынан жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жерінен КамАЗ көлігі қағып кеткен. Азамат оқиға орнында көз жұмған.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша қазіргі таңда жол апатына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.