Қостанай облысында карантин күшейтілді

0
584

Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде маска тағуы керек.


Қостанай облысында карантин күшейтілді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло тағы бір қаулыға қол қойды. Құжат 11 қарашада күшіне енді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қаулыға сәйкес, енді аймақта такси сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде маска тағуы керек.

Шаштараз, спа-орталығы, сұлулық салоны, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметі, массаж салоны, тұз шахталары алдын ала жазылу арқылы, бір келушіге төрт шаршы метр орын дайындап, сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі күні бұл қызметтер жұмысты тоқтатады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде минимаркет, супермаркет, гипермаркеттердің жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін болады, ал дәріханалар шектеусіз жұмыс істейді.

Қаулының толық мәтіні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.