Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.
ERNUR.KZ. 23 маусымнан 30 маусымға дейін Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.
Мынадай шешім қабылданды:
- Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру (кезекші топтарды қоспағанда);
- 20 адамға дейінгі топтармен ашық кеңістікте жаттығуды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқа) жұмысына тыйым салу;
- Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына шектеу қою, тек клиентке жеткізу және сыртқа шығару қағидасы бойынша істеу.
27-28 маусым аралығында Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаковск, Арқалық, Тобыл қалаларының аумағында локдаун режимі (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймаққа еркін кіріп-шығуға тыйым салу) басталады, ол бойынша бірнеше тыйым бар:
- Мынадай жағдайларды қоспағанда, тұрғындардың тұратын жерінен шығуына тыйым салынады: жұмысқа бару; медициналық көмекке жүгінуі; тұратын немесе жұмыс істейтін жеріне жақын дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық заттарды сатып алу; қоқыс шығару; жеке көлікпен саяжайға жол жүру; тұрақты күтімді қажет ететін науқастар мен қарт адамдардың күтімі бойынша жол жүру; жануарларды серуендету.
- Көрсетілген қалалардың аумағында ойын және ойын-сауық қызметінің барлық түрі.
- Қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде саяжай бағыттарының қызметі.
- Азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілерін қоспағанда, қала аумағындағы барлық сауда нысанының қызметі.
- Азық-түлікті көтерме сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке тәуелсіз барлық сауда базарының жұмысы.
- Сквер, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде солардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының жұмысы.
8-14 маусым аралығында 56 науқас есепке алынды, өсім 26,5 пайыз, 15-21 маусым аралығында 251 жағдай тіркелді, өсім — 94 пайыз болды. Коронавирус жұқтырғандар Қостанайда көп, 97 науқас бар, Рудныйда - 24 жағдай.