Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды

0
411

Әйел адамның жоғалып кеткені жөнінде полицияға оның ағасы арыз жазған.


Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының 58 жастағы тұрғыны 30 маусымда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Іздестіру кезінде күдікті ұсталып, ол аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған және полицейлерге жоғалған әйелдің мәйіті жерленген жерді көрсетіп берген, деп жазады zakon.kz.

Әйел адамның жоғалып кеткені жөнінде полицияға оның ағасы арыз жазған. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҚР ҰҚК шеқара қызметі және еріктілер кіріскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК-нің 99-бабы – "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қостанай облысы, кісі өлімі, қылмыс



Қостанай облысы ПД баспасөз жетті сараптамалар тағайындалған.

Бұған дейін хабарсыз кеткен әйел ІІ топ мүгедегі екені хабарланған еді.