Қостанай облысының Ресеймен шекарасында ұзынсонар кезек пайда болды

0
1 208

Шекарадағы жүк көліктері тығырыққа тірелді


Қостанай облысының Ресеймен шекарасында ұзынсонар кезек пайда болды

ERNUR.KZ. Қостанай облысынан Ресейге өтетін негізгі күре жол бойынан жүк көліктері өте алмай, тығырыққа тірелді, деп жазады 24.kz. телеарнасы.

«Қайрақ» шекара бекетінде кезек күткен жүк арасында оңтүстіктен Ресейге көкөніс, жеміс-жидек апара жатқан машиналар да бар. Жүргізушілердің айтуынша, олар осы жерде 7-8 сағатқа дейін тұрады, кейде түнеп жататын кездері де болады.

«Қайрақ» автомобиль бақылау бөлімінен тәулігіне 2 мың автокөлік және 7 мың адам өткізіледі. Бір автокөліктің бақылаудан өтуіне 5-10 минут уақыт кетеді. Бірақ қазіргі уақытта РФ-ның аумағында жол реконструкциясының өткізілуіне байланысты автокөліктер тоқтауға мәжбүр.

"Бейтарап аймақтың ресейлік бөлігіндегі жолды жөндеп жатқандықтан, көліктер бір жолақпен екі жақтан кезекпен өткізіледі. Мұндай кептелістер Бугристый шекара бекетінен әрі асқаннан кейін де кездеседі. Мамырда басталған жолды жөндеу жұмыстары әлі 4-5 айға жалғасады. Жөнделгеннен кейін бұл екінші дәрежелі жолға айналады. Жол жүк және жеңіл көліктерге, жеке автобустарға арналған үш жолақты болады. Жол бойы жарықтандырылып, 157 жеңіл машиналарға, 117 жүк көліктеріне арналған күту алаңдары салынады. Бұл шекара бекеті арқылы өтуді жеңілдетеді. Ал шекара бекеттері арасындағы бейтарап аймақтың жолын ресейліктер бір-екі аптаның жөндеп бітіреміз", - деп отыр жауапты мамандар.