Қостанайда ашу қысқан тәрбиеші әйел 16 жастағы мүгедек қызға бірнеше рет ыстық үтік басып алған

0
284

​Тәрбиеші әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Қостанайда ашу қысқан тәрбиеші әйел 16 жастағы мүгедек қызға бірнеше рет ыстық үтік басып алған

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде ашуға мінген тәрбиеші 16 жастағы мүгедек қыздың денесіне бірнеше рет ыстық үтікті басып алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тиісті тергеулер жүріп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция басқармасы.

Егер тәрбиеші әйелдің кінәсі дәләлденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.