Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция қызметкерлері Лаура Сүндетке психологиялық қолдау көрсетеді.
ERNUR.KZ. Қостанай қаласының тұрғыны Лаура Сүндет өзіне бейтаныс адамның қырындап, жақындамақ болғанын айтты. Ол оның бетін қайтарамын деп таяқ жеген. Полиция "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады zakon.kz.
Лаура Сүндеттің айтуынша, ол 10 мамырда құрбысының үйіне қонаққа келген. Ол арада бейтаныс бір адам оған тиісе бастаған. Айтқанына көнбегенінде ер адам қыздың бетінен ұрған.
"Мен бұл мәселені көпшілікке жария еткім келетін себебі, ол маған физикалық және психикалық тұрғыда залал келтірді. Оның үстіне біздің ержүрек полициямыз соңында менің өзімді кінәлі етіп шығармасы үшін де осылай етуге мәжбүрмін. Егер біреу мені қорлап жатса, оған "жоқ" деп айтуға және әділеттілікке жүгінуге менің толықтай құқығым бар", - дейді ол видеода.
Қостанай облысы полиция қызметкерлері " Сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық" бабына сәйкес, қызды қорлау және ұрып-соғу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жасалуда.
Қостанай облысының ПД тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеуді бақылауға алды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция қызметкерлері Лаура Сүндетке психологиялық қолдау көрсетеді.