Қостанайда эвакуатордағы көлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

0
646

Әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған.


Қостанайда эвакуатордағы көлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

ERNUR.KZ. Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үсітнде болған. Оның үстіне бұны камераның өзі де түсіріп алған.

"Түбіртекте көлік бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде 12 шақырымға жылдамдықты асырғаны көрсетілген. Әрбір тәртіп бұзу үшін айыппұл 17 250 теңге болады. Бұл ретте айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Онда сома 8625 теңге болады", - деп жазады басылым.