Қостанайда үй өртеніп, бір адам қаза тапты

0
396

Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған.


Қостанайда үй өртеніп, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 20 ақпанда Қостанай облысы Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.



Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 л екі газ балонын алып шықты.

Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.