Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 45 жастағы келіншек ұсталды

0
526

75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда үстінде алтын әшекейлері болған.


Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 45 жастағы келіншек ұсталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков 45 жастағы жұмыссыз келіншек 75 жастағы зейнеткер апаны өлтірді деген күдікке ілінгенін жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Подъездегі әжейдің денесінің үстінен түскен көршілері полицияға хабар берген.

Аса ауыр қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылды.

"Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды. 75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда үстінде алтын әшекейлері болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақпен жарақаттап, алқаны жұлып әкеткен", - дейді Ерлан Омарбеков.

Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталды. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.