Қостанайдағы өртке байланысты тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланып жатыр

0
576

Бүгінгі таңда Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы 5 ауыл аумағында өрт сөндіріліп жатыр.


Қостанайдағы өртке байланысты тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланып жатыр

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттің өршуіне байланысты Бағаналы ауылының тұрғындары да қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бағаналы ауылындағы өрт ошақтарының өршуіне байланысты өзге учаскелерден Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы жіберілді. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауыл халқы эвакуацияланып жатыр», - деп мәлім етті ақпараттық штаб.

Қазіргі уақытта Қазанбасы және Бағаналы ауылдарында 10 техника мен жеке құрамның 52 адамы өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, аталған елді мекендегі тілсіз жаумен күреске 3 әуе кемесі жұмылдырылған.

Еске салайық, бүгінгі таңда Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы 5 ауыл аумағында өрт сөндіріліп жатыр.