Әлеуметтік желілерде Қостанайда өткен тойда америкалық иллюзионист Гарри Худинидің аты аңызға айналған трюкін орындаған қазақстандықтың видеосы таралды.
ERNUR.KZ. Ол суға толы құлыпталған аквариумнан шығуы керек болатын. Алайда оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталды, деп жазады Stan.kz
Қазақстандықтар Instagram-да таралған бейнежазбаны қызу талқылауда. Видеода мерекелік іс-шаралардың бірінде сиқыршының құлыптаулы аквариумнан шығуға тырысқанын көруге болады. Бірақ шыға алмай біраз уақыт тұрып қалады. Кейін бірнеше сәтсіз әрекеттен соң өзін босату туралы белгі береді.
Роликтің астына пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары мұндай трюк орындаушының денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтады.
"Бұл жерден ешқандай трюк көріп тұрған жоқпын, тек адамды қинау ғана"," Менің ойымша, бұл тойда орындалатын трюк емес ," Бәрі жақсы болсын", - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазба астына.