Қостанайлықтар қоршаған ортаны қорғауға атсалысып жатыр

0
508

Су тасқынының салдары жойылған.


Қостанайлықтар қоршаған ортаны қорғауға атсалысып жатыр

Бүгінде елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін проблемаларды жоюға айрықша көңіл бөлінуде. Соның ең маңыздысы – қоршаған ортаға тиіп жатқан залалдарды жою, экологиялық мәселелерді шешу жұмыстары. Бұл тұрғыда табиғи тазалықты сақтаудан бөлек, заманауи технологияларды қолдану арқылы атмосфераға шығатын зиянды заттарды азайту, энергия өндірудің тиімді жолдарын қарастыру, табиғи газ тарту сынды көптеген істер атқарылып келеді. Соның біршамасы экологиялық проблемасы көп Қостанай облысында іске асырылуда.


Мәселен, өңірдегі Қостанай ауданында автоматты жүйелермен жабдықталған табиғи га тарату нысаны салынды. Жалпы құны 3,3 миллиард теңгені құрайтын жоба бір сағатта 150 мың текше метр газ тарата алады. Тиісінше, бұл АГТС екі бірдей шағынаудан тұрғындарына табиғи газ жеткізіп, экологиялық тұрғыдан таза отынды үздіксіз жеткізіп тұрады. Жаңадан құрылған шағынаудандардың көлемі 176 га жерді құрайтын болса, халық игілігі үшін 150-ден аса көпқабатты үй салу көзделген. Ол үйлерде жалпы саны алпыс мыңға жуық адам тұратын болады.


Қостанай өңірінде былтырғы жылдың соңында желден электр энергиясын өндіретін бекет те пайдалануға берілген болатын. Бұл станция электр энергиясының сапасын арттырып, сенімділікті нығайтып, табиғат аясына таралатын улы газдарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл станцияның Арқалық қаласынан салынуының да өзіндік себебі бар екен. Өйткені қала аумағындағы электр жүйелерінің тозу деңгей тоқсан пайыздан асып кеткен. Ендігі кезекте жел электр станциясы және қосалқы бекеттерден бөлек, электр жүйелерін жаңарту жұмыстары да жүргізілетін болады. Осылайша облыс аумағындағы жаңартылатын жүйелер тиімді энергия сасатын нығайтуға сеп болмақ.


Сондай-ақ, бәріңіз білетіндей көктемда бұл өңірде су тасқыны орын алып, тұрғындар қиын жағдайға тап болған еді. Дегенмен, ел Үкіметі жедел шаралар қолданып, түрлі бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, үлкен жылдамдықпен аққан су салдарынан өңір аумағындағы электр желілері жарамсыз күйге түскен. Соның ішінде бір ауданның отызға жуық ауылы жарықсыз қалған. Дегенмен, жедел түрде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде наурыз айының аяғына дейін ол ауылдардағы электр желілері қалпына келтірілді.


Одан бөлек, су тасқыны орын алған аумақта түрлі инфекциялар пайда болып, атмосфераның едәуір бұзылатыны да жасырын емес. Осыған орай, жауапты мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақылаумен жүзеге асырылды. Мысалы, ішетін су мен қажетті азық-түлікке қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасақталды. Бұл ретте облыс аумағындағы қауіптілігі басым жерлерден үш жүзден аса сынама алынып, зерттек нәтижесінде сәйкессіздік анықталмаған. Оған қоса, сібір жарасы мен мал жүретін жерлер мал дәрігерлерінің жіті бақылауына алынды. Жалпы, апат аумағында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты сақталып, адам денсаулығына, қоршаған ортаға зияны тиетін аурулар мен инфекциялар анықталмаған. Әйтсе де, кейіннен Тобыл өзенінен алынған он бес сынама теріс нәтиже көрсеткен.


Сонымен бірге, кең даланы кесіп өткен су адамдардың үй-жайларына шөп-шалаң сынды қоқыстарды ағызып әкелген. Осыған орай коммуналдық қызметкерлер аянбай еңбек етіп, байланыс орталығына өтініш жасаған үйлерден бір мың үш жүз тоннаға жуық қалдық шығарған. Ал, өңір басшысы арнайы тапсырма беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды атқару үшін қосымша қаржы бөлдірді.


Сәуірдің басынан бастап қостанайлық тұрғындар, қызметшілер, жастар мен бизнес өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына үлес қоса бастады. Науқан шеңберінде көше бойлары, аяқжолдар, мекемелер аумағы, тарихи-мәдени ескерткіштер айналасы, жалпы қоғамдық орындар тазаланып, жиырмасыншы сәуірге дейін қырық мыңнан астам белсенді 2000 тоннаға жуық қоқысты тазалаған.


Жалпы, сәуір айынан маусым айының ортасына дейін облыс аумағында жиырмадан аса экологиялық іс-шара өткізілген. Оның ішінде экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған идеологиялық жиындар, саябақтарға ағаш көшеттерін отырғызу, қоғамдық орындарды тазалау, эок-саяхат ұйымдастыру сынды көптеген жұмыстар бар.


2024 жылы Қостанай облысындағы елдімекендерді көркейтуге жалпы 11 млрд. теңгеден аса қаражат қаралған. Соның ішінде 130 000-нан аса ағаш отырғызу көзделіп, маусымның ортасына дейін оның 55 мыңға жуығы отырғызылыпты. Жолдардың барлығы дерлік жарықпен қамтылып, жүщден аса ауылға қоршау орнатылыпты. Одан бөлек жүздеген заңсыз қоқыс полигондары жойылып, жалпы 130 мың тоннаға тарта қалдық тазаланған.


Қостанай өңірінде жалпыұлттық экологиялық науқан шеңберінде балаларға арналған ойын алаңшаларына реттеу мақсатында «Ең таза балалар алаңы» бастамасы қолға алынды. Бұл жобаға барылқ ауылдар қатыса алады. Бұл жасөспірімдердің табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетудің тиімді бір жолы деп білеміз. Және де өңірде қоршаған ортаны қорғауға үндейтін іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ