Қостанай облысында бруцеллезге шалдыққан мал саны артып барады

0
1 481

Қостанай облысында Арқалыққа жақын ауылдарда сарыпқа шалдыққан малдың саны артып барады, мамандар бұл аурудың белең алғанын айтып дабыл қағып жатыр.


Қостанай облысында бруцеллезге шалдыққан мал саны артып барады

Қостанай облысында Арқалыққа жақын ауылдарда сарыпқа шалдыққан малдың саны артып барады, мамандар бұл аурудың белең алғанын айтып дабыл қағып жатыр, - деп жазады alau.kz.

Ресми деректерге сүйенсек, дертке шалдыққан мал саны 1,8%-ды құрайды. Мал иелерінің есебінен ауылдарда тексеру жүргізу туралы әкімдікке ұсыныс айтылғанымен, төрт түлік малдың жартысынан көбі әлі тексерілмепті.

Соның салдарынан жұқпалы дерт тарап бара жатқан көрінеді.

2017 жылдың желтоқсан айының соңында мал сою кезінде мамандар фермадағы ірі қара малдың созылмалы туберкулезге шалдыққанын анықтаған, бірақ шаруа қожалығы әлі күнге дейін жабылған жоқ.