Костенко шахтасында тағы екі кеншінің мәйіті табылып, қаза болғандар саны 38-ге жетті

0
804

8 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда


Костенко шахтасында тағы екі кеншінің мәйіті табылып, қаза болғандар саны 38-ге жетті

Костенко шахтасында тағы екі адамның мәйіті табылды. Қазір қаза болғандар саны 38-ге жетіп, 8 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындай түсуде", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.