ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

0
995

жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.


ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

ERNUR.KZ. Елімізде ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 19 қаңтары күні «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жаңа құрылым елдің ұлттық қауіпсіздігі жүйесі қызметін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Құжаттық толық мәтіні

* * *

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.