ҚР Президентінің Протокол қызметінің бастығы тағайындалды

0
439

Бұған дейін Михно Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған.


ҚР Президентінің Протокол қызметінің бастығы тағайындалды

Дмитрий Леонидович Михно Президент Протоколының бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Михно Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Атамқұлов Президент Протоколының басшысы қызметінен босатылып, Сербиядағы елші қызыметіне тағайындалған болатын.