ҚР СІМ Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент туралы деректерді жариялады

0
997

Т. Кирибаевтың туыстары Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде.


ҚР СІМ Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент туралы деректерді жариялады

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Мəскеу мемлекеттік университетінде қайтыс болған қазақстандық туралы деректерді жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың айтуынша, 2019 жылғы 25 ақпанда М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де аталған университеттің бесінші курс студенті 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Тамирлан Кирибаевтың мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі - тұншығу.

«Т. Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеу қаласының Батыс әкімшілік округы Тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады. 26 ақпанда Қазақстанның Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Т. Кирибаевтың туыстары Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде. Оның алдында олар университеттің басшылығымен кездесті.