Олар еңбек құлдығына тап болған.
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі шетелде құлдыққа түскен қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
СІМ 23 жастағы Жарас пен 25 жастағы Исламбек Қазбеков Оңтүстік-Шығыс Азияда еліміздің екі азаматымыз еңбек құлдығына тап болғанын растады.
«Олар былтыр желтоқсанның соңында Таиландтағы елшілік арқылы байланысқа шықты. Жоғалған азаматтардың ата-анасы бізге хабарласып көмек сұрады. Бұл алғашқы жағдай емес. Бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыз осындай жағдайға тап болған еді. Біз оның елден шығуына көмектестік», - деді Айбек Смадияров.
Смадияров шетелде жоғалған азаматтарды іздеу жұмысына мемлекеттік органдар мен қатар, үкіметтік емес ұйымдар да тартылатынын атап өтті.
«Екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда қазір жоғалған екі азаматтан хабар жоқ, мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Осы орайда шетелге табыс іздеп баратын азаматтарды барынша абай болуға шақырамыз. Жұмысқа бармас бұрын келісімшартпен мұқият танысқан абзал. Бұл – азаматтардың жеке жауапкершілігі», - дейді СІМ-нің ресми өкілі.