Қуаныштың арты қайғымен аяқталды: Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіптің мерейтойында екі бірдей оқыс оқиға тіркелді

0
711

Баянауыл ауданыда екі бірдей оқыс оқиға тіркелді.


Қуаныштың арты қайғымен аяқталды: Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіптің мерейтойында екі бірдей оқыс оқиға тіркелді

ERNUR.KZ. Адам шығынымен аяқталған қайғылы жағдайдың екеуі де Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің 165 жылдық мерейтойын тойлау кезінде орын алды, деп жазады stan.kz.

Алдымен Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің жақын туыстары ақынның есімімен аттас ауылға бара жатқан жолда көлік апатына түсіп, көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп пен Жаңажол ауылдарының жолында орын алды. Ғұламаның шөбересі үлкен атасының құрметіне арналған салтанатты шараға қатысу үшін бара жатқан.

“Lada” маркалы көліктерінің соқтығысуының салдарынан екі адам қаза тапты. Жеті жасар бала мен төрт ер адам түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен. Қазақтың ұлы ойшылының 53 жастағы шөбересі мен 31 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орынында қайтыс болды.

Ал көліктегі балаға жабық бассүйек жарақаты, мидың шайқалуы және жамбас сүйегінің ашық сынуы диагнозы қойылды. Бірінші дәрежелі травматикалық шок жағдайында ол жақын маңдағы ауруханаға - Екібастұзға жатқызылды. Сондай-ақ төрт ересек адам түрлі жарақаттармен жеткізілді.

Көпеевтің 165 жылдығын тойлау кезінде тағы бір оқыс оқиға орын алды. Көкпарда екі ат шабандоздары соқтығысты. Жаңажол ауылында өткен көкпар ойыны барысында командалардың бірінің ойыншысы атпен бірге құлап, жарақат алды. Павлодар облысының атынан шыққан 27 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Аттан құлаған шабандоздың жағдайы әлі де ауыр.

“Аттан құлаған науқас комада, жасанды тыныс алу аппаратында”,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Мәшһүр Жүсіп Көпеев тек әдеби шығармаларымен ғана емес, сондай-ақ ұлы ойшыл, қазақтың әулиесі ретінде танымал болған. Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда бар туыс-тумасын жинап, жерлеу керек жерді көрсеткен.

" Мен 73 жасқа дейін өлмеймін. Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады",- деген екен ұлы ойшыл.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы 73 жасында дүниеден өтті. Бұл уақытта Қазақстанда ашаршылық басталған жыл. Расында сопы жан тапсырған соң аштықтан әбден әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀