Куәгерлер қанды оқиға жайында жан-жақты айтып берді.
иллюстарциялық фото: weaponland.ru
ERNUR.KZ. Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот талқылауы басталды. Прокурордың мәліметінше, сотталушы Азамат Берістемов марқұм Сәбит Бегланұлын қасақана өлтірген. Қазір оған қылмыстық кодекстің 99 -бабының 1-тармағы, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалған, деп жазады ktk.kz.
Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот талқылауы басталды. Прокурордың мәліметінше, сотталушы Азамат Берістемов марқұм Сәбит Бегланұлын қасақана өлтірген. Қазір оған қылмыстық кодекстің 99 -бабының 1-тармағы, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалған.
Алайда, сот залындағы Азамат Берістемов оны өлтіретін ойым болған жоқ деп жауап қатты. Ал, бүгін куәгерлер қанды оқиға жайында жан-жақты айтып берді. Сотталушы сол күні кезекті еңбек демалысынан шыққан екен. Естеріңізге салсақ, былтыр қыркүйек айында Берістемов қолындағы табельдік қарумен жұмыс үстінде Сәбит Бегланұлын атып тастаған еді. Кейін күдікті жігіттің марқұмның қайынағасы екені анықталды. Адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қарындасы мен күйеу баласы арасындағы отбасылық жанжал себеп болған. Ал, 28 жастағы полиция капитанының туысқандары оған қатаң жаза сұрап отыр.
Гүлмира Мамырбекова, марқұм С. Бегланұлының әпкесі:
- Ауыр жаза сұрауды өтінемін. Менің бауырымды 30 жасқа жеткізбей қара топыраққа жіберді. Қолымен істеді ме, мойнымен көтерсін. Түрменің шетін көрсін.