“Мас болды“: Шерзаттың өліміне қатысты сотта куәгерлер жауап берді

0
159

Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.


“Мас болды“: Шерзаттың өліміне қатысты сотта куәгерлер жауап берді

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 29 сәуірдегі сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Сот залына бірінші болып 16 жастағы куәгер Б.А. шақырылды. Ол айыпталушы Дархан Әскентайды және онымен бір мектепте оқыған жасөспірім Д.Ы.-ны танитынын айтты.

Куәгер трагедия болған күні Дархан Әскентай жіберген шотқа мың теңге аударғанын, бірақ өлімге әкелген төбелес болған жерде болмағанын жеткізді.

"Апам Светлана Қалтаеваның шотынан Дархан Әскентайға мың теңге аудардым. Дарханды жездеммен бірге жүргенде көретінмін. Оның алдында бір рет ақша аударғанмын. Аударым жасағаннан кейін түбіртекті Дарханның өзіне жібердім. 2024 жылдың 3 қазанында болған оқиғаны кейін естідім", – деді куәгер.

Осыдан кейін кәмелетке толмаған куәгерден жауап алу аяқталды. Сотқа 72 жастағы куәгер Светлана Қалтаева да шақырылды. Зейнеткер ақша аударымы туралы білмегенін және банк қосымшасын қолдана алмайтынын айтты.

Кейін сотқа куәгер Еркебұлан Тоқтарбай да шақырылды. Ол айыпталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы екенін мәлімдеді. Куәгер трагедия болған күні айыпталушыны көргенін және оның бірнеше бөтелке сыра ішкенін айтты.

Сондай-ақ, сотта Талғар аудандық Полиция басқармасының патрульдік полицейі Жәнібек Әмірақын де куәгер ретінде жауап берді. Ол айыпталушы Дархан Әскентайды бұрыннан, мектептегі сыныптасы ретінде танитынын растады. Басқа айыпталушылар мен жәбірленушілерді танымайтынын айтты.

"Қамажай" дүкеніне барған жерден кезде қанды көрдім. Адамдардан баланың пышақталғанын, әкесі емханаға алып кеткенін білдім. Golf пен Mercedes автокөлігі туралы білдік. Рысқұлов ауылына қарай жүрген кезде қара Golf автокөлігін көрдік. Барған кезде ішінде ешкім болмады. 102-ге қайта хабарласып, автокөлікті тапқанымызды айттық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесіміз екеуміз ұстадық. Ол сұрау барысында төбелеске қатысты бар екенін айтты, ол Дархан Әскентай болып шықты. Оны бірден танымадым. Көзі ісіп кеткен. Тау жақта жарық жоқ", – дейді куә.

Оның айтуынша, Дархан Әскентай ұсталған кезде қарсылық көрсетпеген және қатты мас күйде болған.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.