"Күйеуіңіз үйден шыққанда ақша таппай қайтпайды": Желіде ерекше әдіс тарады

0
1 160

Бейнежазбада әйел адам қолына елу теңгені ұстап алған.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ақша шақырудың ерекше әдісін айтқан әйелдің видеосы тарады, деп жазады exk.kz.

Бейнежазбада әйел адам қолына елу теңгені ұстап алған. Оның айтуынша, әр елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның әйелдері өз мемлекетінің 50 теңгесін алуы керек. Ақшада міндетті түрде 5 деген сан болуы қажет.

"Елу теңгені күйеулеріңіздің туфли, кроссовка, етік, яғни не екенін маңызды емес, аяқ киімінің ұлтарағын көтеріп, астына саласыз. Сонда күйеулеріңіз үйден шыққанда ақша таппай қайтпайтын болады", дейді әйел ақшаны қалай салуды көрсетіп.

Видеоны блогер Дәулет Төлеутайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасына салған. Онда блогер "Феншуйлықтарға сенсеңіз, ештеңе жасамай-ақ, ақша өзінен өзі келетін секілді. Ақша керек пе? Аяққа ақша салмай, аяқпен еңбек етіңіздер" деп жазған.


Бейнежазбаға әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазыпты. Бірі "Ондай болса өзім салып аламын ғой, бумасымен", "Жұмыс істемесең ақша қайда", "Осыны жасап күткенше Алладан тілеңіз" десе, енді бірі "Көп тапсын деп 5 мың салып жіберіп, өзін таппай қалсаң", "Епт, өкшеме бірдеңе батып жүр" деп лақтырады біздікі", "Айнұр мен Құралайдың техникасына қарағанда оңай екен", "Жазда шлепкамен кеткенде не істейміз?", "Бейшара күйеуің оны білмей киіп жүре берсе, аяғына сүйел шығады" деп әзілге айналдырған. Ал біреулер "Оң аяққа ма, әлде сол аяққа ма?" деп жазыпты.