​Құлжа тас жолында жаяу адам автокөлік астына түсіп ажал құшты

0
1 195

Оқиға жолдың жарықтандырылмаған аумағында орын алған.


​Құлжа тас жолында жаяу адам автокөлік астына түсіп ажал құшты

ERNUR.KZ. "Алматы-Көкпек-Жонжы-Көктал-Қорғас" тас жолының 46 шақырымында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп жазады Zakon.kz .

Mitsubishi Galant автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол шамамен сағатына 70-90 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Кенет, ол Еңбек ауылына жетпей жолдың ортасына жүгіріп шыққан адамды байқап қалады. Жүргізуші дереу тежегішке басқанымен тым кеш болып, ол жаяу адамды жаншып өткен.

Айта кеткен жөн, жолдың осы тұсы мүлдем жарықтандырылмаған.

Жаяу адам алған жарақаттардың нәтижесінде тіл тарпай кетті. Марқұмның өзімен бірге құжаттары болған, ол 1981 жылғы азамат болып шықты.

Жол полициясының қызметкерлері ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.