Құмды дауыл: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

0
864

Елімізде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.


Құмды дауыл: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" орталығы синоптиктері 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыстан фронталь бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

"Оңтүстік өңірлерде құмды дауылмен жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта - 23...35 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - 28...39 градус, шығыста - 17 ... 28 градус болады. Елдің батысында әлі де ыстық ауа райы сақталады және сынап бағанасы 33 ... 41 градусты көрсетеді", - делінген хабарламада.