Құнарлы жерлер қатып қалуы мүмкін: Жетісу облысында цемент зауытын су басты

0
660

Желіде жарияланған видеодан зауыт жұмысшыларының қызыл сумен арпалысып жатқан сәтін көруге болады.


Құнарлы жерлер қатып қалуы мүмкін: Жетісу облысында цемент зауытын су басты

ERNUR.KZ. Жетісу облысының Сарыөзек ауылында ALACAM цемент зауытын су басты, деп жазады ulysmedia.kz.

Желіде жарияланған видеодан зауыт жұмысшыларының қызыл сумен арпалысып жатқан сәтін көруге болады.

Ең сорақысы, цемент араласқан су біраз аумаққа жайылып, құнарлы жерді бүлдіріп жатыр.

Су тасқыны Жетісу облысының Кербұлақ ауданының тұрғындарын да су тасқыны әбігерге салып жатыр. Еріген қар суы бірнеше үйдің ауласы мен көшені басып қалған.

«5 наурызда ауа температурасының +15 с° дейін көтерілуінен қардың жылдам еруіне байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан егістіктерден еріген қар суы ағылды. Арық жүйесі тасқын су көлеміне төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды, 4 аула аумағы су астында қалды.
Қаза болғандар, зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне кетуде», - делінген ТЖД хабарламасында.