"Күннің жылынуынан қорқамыз": Қостанай облысында ауылды қар басып қалды (видео)

0
707

Жергілікті тұрғындар өз аулын Солтүстік полюске теңеп жатыр.


ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Қостомар аулын қар басып тастады, деп жазады Тengrinews.kz.

Көшелер, жол мен үйлерді қар басқан. Игорь Илензеер үйінің ауласына қардан баспалдақ жасап қойған. Отбасы үйге кіріп, көшеге шығу үшін күн сайын сол баспалдақпен өтеді.

"Ауылда қар өте көп, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Көше тазармаған, үйім мен ауланы қар басып тастады", - дейді Игорь Илензеер.


"Алау" мәліметі бойынша, тұрғындар қазір күннің жылынуынан алаңдап отыр. Олардың айтуынша, енді су тасқыны болуы мүмкін.

"Келесі аптада температура нөлден жоғары болады деп қорқып отырмыз. Қар ерісе, үйді су басады", - дейді Игорь Илензеер.