Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

0
1 073

​Өңірлердегі құс тұмауының алдын алу үшін қосымша вакцина дозалары сатып алынып, 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.


Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

ERNUR.KZ. Бүгінде құс тұмауы жеті облыста тіркелген, деп жазады sputniknews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәулікте құс тұмауынан кейбір аймақтарда құстардың қырылуы тіркелген жоқ.

  • Ақмола облысында жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 бас құс қырылды (соңғы тәулікте – 0);
  • Жамбыл облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте – 6);
  • Қарағанды облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс (соңғы тәулікте – 12);
  • Қостанай облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше бір тәулікте – 1 112 және 109 567);
  • Павлодар облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 бас құс (соңғы тәулікте – 0);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше бір тәулікте 1 143 және 39 535);
  • Түркістан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 бас құс (соңғы тәулікте – 196).
"Жалпы, жеке аулаларда 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды. Олар – "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС (93 849 бас) және "Агроинтерптица" (109 567 бас)", – дейді министрлік мамандары.

Құс тұмауына қарсы вакцинамен қалай қамтамасыз етіледі

Министрлік мәліметіне сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы бөлінді.

Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина шығарылды (СҚО үшін – 873 мың доза, Қостанай облысы үшін – 21 мың, Павлодар облысы үшін – 465 мың доза).

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина таратылды. Олар:

  • Ақмола облысы – 510 300 доза;
  • Қостанай облысы – 345 218 доза;
  • Қарағанды облысы – 100 000 доза;
  • Жамбыл облысы – 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынып, олар 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.