Құс тұмауына байланысты Қостанай облысында карантинге жабылған ауылдардың саны артты

0
710

Өткен аптада Сарыкөл ауданындағы Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданындағы Сокол ауылы және Меңдіқарадағы Красную Пресню ауылы карантинге жабылған болатын.


Құс тұмауына байланысты Қостанай облысында карантинге жабылған ауылдардың саны артты

ERNUR.KZ. Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантинге жабылған ауылдардың саны 6-ға жетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Қостанай облысының ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, Родина ауылындағы "Агроинтерптица" компаниясының құс фабрикасында құс тұмауы расталған.

Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божконың мәліметінше, мұнда 500 мыңнан аса тауық қырылған.

"Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Фабрикалардың маңына блокбекеттер қойылып жатыр. Енді фабрикаларды ғана емес, ауылды карантинге жабу туралы қаулы дайындалып жатыр. Құс тұмауы жақын маңдағы Фурманов ауылының жеке аулаларына тарағаны расталды. Құс тұмауы Целинныйда да байқалды, бірақ талдау нәтижелері әлі келген жоқ", - деді Қалиев.

Алдағы уақытта Қарабалық ауданы Михайловка ауылы да карантинге жабылады. Мұнда жүзден аса құс қырылған. Ауыл периметр бойынша бетон плиталармен қоршалып жатыр.

Басылым өткен аптада Сарыкөл ауданындағы Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданындағы Сокол ауылы және Меңдіқарадағы Красную Пресню ауылы карантинге жабылғанын атап өтті.

"Біз вакцинаның 21 мың дозасын пайдаландық. Қосымша 470 мың доза сұрап отырмыз. Республикалық қордан 366 218 доза түсті", - деп түсіндірді Қалиев.

Айта кетейік, вакцина алған құстың еті мен жұмыртқасын үш аптадан кейін жеуге болады. Ал өтемақы алу үшін аумақтық ветеринарлық инспекцияларға жүгіну керек.