Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза болған тағы екі кеншінің денесін тапты

0
1 450

Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Қалған бес кеншімен байланыс үзілген.


Құтқарушылар

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында өрт болған "Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Құтқарушылар шахтердің мәйітін сағат 22:40-та тапқан.
Ол 1996 жылғы Илья Старовойт болып шықты. 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
"Бұл апаттан мен қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге үлкен зиян келтірді. Қазір айтуға болатын ешбір сөз жақындарынан айырылған отбасыларды жұбата алмайды. "АрселорМитталТеміртау" атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялай алмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Бұған дейін тағы бір кеншінің денесі табылған болатын. 1994 жылғы Артур Халиков 4 разрядты жерасты электршебері болып жұмыс істеген. Еңбек өтілі 10 жыл.

Еске салсақ, 17 тамыз күні Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.

Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Қалған бес кеншімен байланыс үзілген.