"Құттықтауын күткен": Нүкенованың 90 жасқа толған әжесі Салтанаттың өмірден өткенін білмейді екен

0
342

Әжесінің 7 баласы бар, немере-шөберелері көп.


Фото: коллаж inbusiness.kz

ERNUR.KZ. 20 қазанда марқұм Салтанат Нүкенованың әжесі 90 жасқа толды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін Бикеш әженің (анамның анасы) туған күні. Оның есімі "ханым" деп аударылады, ол жасына қарамастан әлі күнге дейін кремдер қолданып, әтірлерді себеді. Әжеміз қызғылт, күлгін және көк түстерді жақсы көреді, ол сыйлыққа гүл алғанды және өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады", – деп жазды Айтбек Амангелді.

Оның айтуынша, әжесінің 7 баласы бар, немере-шөберелері көп.

"7 баланың ішінде үш апалы-сіңілі бар. Үлкені Замзагүл химия пәнінің мұғалімі, ортаншысы анам Жұмагүл, кенже қызы Гүлмира. Олар жыл сайын аналарына алғысын білдіреді", – деп атап өтті марқұм Салтанаттың ағасы.

Осыған дейінгі жазбаларында Айтбек Амангелді әжесі марқұм Салтанат Нүкенованың қазасы туралы білмейтінін айтқан. Әжесі немересінің құттықтауын әлі де күтуде.

"Әжем Салтанат сыйлаған кремдер мен әтірлерді пайдаланып жүр, оның жоқ екенінен хабарсыз. Бұл жаңалықты көтере алмайды", – деді Айтбек Амангелді биылғы қаңтар айындағы жазбасында.