КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ

0
300

SARS-CoV-2 вирус айналымын мониторингілеу нәтижесіне сәйкес, Омикрон түрінің айналымы жалғасып жатыр.


КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирус инфекциясы бойынша жағдайға түсінік берді, деп жазады inform.kz.

«SARS-CoV-2 вирус айналымын мониторингілеу нәтижесіне сәйкес, Омикрон түрінің айналымы жалғасып жатыр. Оның басым бөлігі JN.1 нұсқасына келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына қарағанда, JN.1 коронавирус штамы қоғамдық денсаулық сақтау үшін қауіп төндірмейді. Жұқтыру деңгейі жоғары болғанына қарамастан, бұл аурудың осы штамына шалдыққан науқастар оны жеңіл еңсеріп жатыр», - делінген ведомствоның берген жауабында.

Таяуда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті КВИ-ге қатысты ел арасында тараған алып-қашпа сөзді жоққа шығарды.

Тамыз айының орта кезінде министрлік КВИ бойынша жағдай бақылауда тұрғанын және мониторинг жүріп жатқанын жариялады.