Қылмыскерлердің «Көктөбе» телемұнарасын неге басып алмақ болғаны белгілі болды

0
543

1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған.


Қылмыскерлердің «Көктөбе» телемұнарасын неге басып алмақ болғаны белгілі болды

Алматыда болған қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің «Көктөбе» телемұнарасын қандай мақсатпен басып алмақ болғанын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведмство деректерінде, 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер «Көктөбе» телемұнарасын телеэфир ұйымдастыру мақсатында басып алмақ болғаны анықталды. Ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген.

«1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол биылғы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен қамауға алынды»,-делінген ақпаратта.