Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді.
Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Оның алдына келгенде Садыр Жапаров тоқтап, басын сәл иіп, ілтипатын білдірді.
Сапар аясында бүгін жоғары деңгейде екіжақты келіссөз жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 18 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында күтіп алды.