Камчыбека Асанбек 4 қазанда Қырғызстан астанасында Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операция кезінде қаза болған.
ERNUR.KZ. Камчи Кольбаев лақап атымен танымал Камчыбека Асанбектің тағы бір құдасы ұсталды. Рустам Турдиев екі айға Қырғызстан МҰҚК тергеу изоляторына қамалды, деп жазады tengrinews.kz.
Бішкекте өткен аптада жойылған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Камчи Колбаевтың тағы бір құдасы - кәсіпкер Рустам Турдиев ұсталды. Ол марқұм қылмыскердің қызының қайын атасы екен.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қамшы Көлбаевтың құдасы болған кәсіпкер Турсунтай Салимов ұсталған болатын. 9 қазанда ол екі айға қамауға алынды. Сотта Салимов ауырып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, екеуіне де Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы "Ұйымдасқан топ құру немесе оған қатысу" бойынша айып тағылған.
Камчыбека Асанбек 4 қазанда Қырғызстан астанасында Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операция кезінде қаза болған. Камчи Колбаев Қырғызстандағы қылмыс әлемнің ең танымал авторитеті.