Қызмет көлемі әр адам үшін 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырған.
ERNUR.KZ. Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына оралтуды уәде еткен әйел ұсталды, деп жазады zakon.kz.
20-дан астам адам полицияға 40 жастағы әйелдің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, ресми арыз түсірді.
2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта ол турфирма атынан әрекет ете отырып, ҚХР азаматтарына үйге ұшақпен орала алатындарына сендірген. Қызмет көлемі әр адам үшін 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырған. Бірақ әйел уәдесін орындамайды.
Оның әрекетіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 131-бабына сәйкес, ПД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сонымен қатар, сот оны қамауға алу туралы санкция берді. Тергеу жалғасуда. Алматы қаласы ПД Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.