14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді.
14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.