​Қытайдың жасанды тауарларына қарсы күрес: ЕАЭО қандай айла тапты?

0
1 828

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық кеңестің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Ғалия Жолдыбаева айтты.


​Қытайдың жасанды тауарларына қарсы күрес: ЕАЭО қандай айла тапты?

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанды қытай жасанды тауарларынан қорғайды. Бұл туралы Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық кеңестің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Ғалия Жолдыбаева айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Департамент қызметкерлері соңғы бес жылда жасанды тауардың Одақ аумағында таралу жолдарын саралаған. Анықталғандай, жасанды тауардың алпыс пайызына дейін ЕАЭО елдеріне Қытайдан Қазақстан мен Қырғызстан арқылы жеткізіледі екен. Директордың пікірінше, бұл мәселені жекелеген елдер шеше алмайды, ұлтаралық деңгейде бірлесе қарсы күресу қажет.

Ол ортақ жобаның мысалын келтірді – Одақтың бүкіл бес елінде сатылатын өнімдердің тауарлық белгілерін тіркейтін бірыңғай кедендік реестр енгізу. "Бір терезе" кедендік жүйесінің арқасында, тауар белгісі 36 күнде осы реестрге тіркеледі. Сол сияқты ұлттық реестрлерге тауар белгісі үш айдан алты айға дейін тіркеледі. Реестрді ЕАЭО сайтынан көруге болады.

"Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері мен ЕАЭО тауарларының шыққан жерлерінің атаулары туралы келісім Одақ аумағында құқық иелерін қара ниетті бәскелестерден қорғаудың қарапайым әрі қымбат емес процедураларын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл келісімге 2018 жылдың соңында қол қойылуы тиіс", - дейді Жолдыбаева.

ЕЭК өкілдері 2018 жылы 19-21 қарашада Мәскеуде өтетін "Антиконтрафакт-2018" VI халықаралық форумында құқық иелерін қорғау бойынша бастамаларды талқыламақ.