Қыз алып қашқан Түркістан облысының жігіттері 7 жылға сотталды

0
1 164

Қазақта ата-бабадан қалған әдемі дәстүр бар, бірақ оны қазіргі жастар дұрыс түсінбейді.


Қыз алып қашқан Түркістан облысының жігіттері 7 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз ұрлады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың автокөлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтіп кетті, деп жазады Zakon.kz.

2018 жылдың күзінде бір жігіт Жамбыл облысының Қордай ауылында тұратын қызбен танысады. Әлеуметтік желілер арқылы аз уақыт араласқаннан кейін жігіт қызды алып қашуды ұйғарған. Қызға үйлену мақсатында жігіт өзінің үш танысымен келісіп, автокөлікпен Қордай ауданына келген. Келген бойда қыздың ұялы телефонына қоңырау соғып, кездесуге шақырғанда, қыз кездесуден бас тартыпты.

Жігіттер қыздың үйін аңдып, оны көшеде келе жатқан жерінен күтіп алған. Қыздың бас тартуы мен қарсылығына қарамастан, олар оны күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына бет алған. Алайда, оларды қаладан шыға берісте полиция тоқтатып, ұстап алды.