"Қызыл" аймақтағы әуежай мен теміржол вокзалдарына шектеу енгізілді

0
978

Бұл шектеу күтіп алушылар мен шығарып салушыларға қатысты.


14 сәуірде Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бұрынғы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Қазақстанға келетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдарды (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) ПТР-анықтамасы болмаса, ұшаққа отыруына рұқсат бермеу туралы ереже алынып тасталды.

Сонымен бірге, халықаралық әуежайлардың басшылары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде әуежай ғимараттарына шығарып салушылар мен кіріп-шығушы адамдарды шектеуді қамтамасыз етуі керек деген қосымша норма енгізілді.

Сонымен қатар, қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлердегі теміржол вокзалдары ғимараттарына шығарып салушылар мен күтіп алуға келуші адамдарға шектеу енгізілді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.