Қызылорда облысында арнадан ауыл тұрғынының денесі табылды

0
655

9 тамызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында мал іздеуге кетіп, із-түссіз жоғалған ер адамның денесі арнадан табылды.


Қызылорда облысында арнадан ауыл тұрғынының денесі табылды

ERNUR.KZ. Куәгерлер оны бейсенбі күні соңғы рет сол маңнан 15 шақырым жерде көрген, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгін Жалағаш ауданында таңертең сағат 08.10-да 1950 жылы туған азаматты іздеу басталды. Ол 9-ы күні Жалағаш ауданындағы шаруашылықтан шығып, қайтып оралмаған", - деп хабарлады Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Іздеу жұмыстары Мәдениет ауылынан төрт шақырым жерде басталды. Оған кәсіби құтқарушылардан бөлек, 10 техника мен 100-ге жуық жергілікті тұрғын, полиция, кинологиялық бөлім, жоғалған адамның туыстары қатысқан.

"Сағат 10.05-те 15 шақырым жердегі суару каналынан тұрғынның денесі табылып, судан шығарылды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.