Қызылорда облысының полицейлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімге қатысты пікір білдірді

0
3 214

Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген.


Қызылорда облысының полицейлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімге қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп соққы мен тепкінің астына алады.

Кейін видео әлеуметтік желіден өшірілді.

Облыстық тәртіп сақшылары оқиға биыл 6 сәуірінде Қазалы ауданында болғанын айтты.

"Аудандық ауруханадан кәмелетке толмаған баланың емделіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, бұл дерек Қазалы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
Жасөспірімнің айтуынша, сол күні Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалған. Қазір жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленуші мен ата-анасынан шағым түскен жоқ", - деді Қызылорда облысының полиция департаменті өкілдері.

Соған қарамастан тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде қосымша мониторинг жүргізіп, екі кәмелетке толмаған баланың бұл жасөспірімді соққыға жыққанын анықтады.

"Бұл дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді", - деді ведомстводағылар.