Қайғылы оқиға 4 мамыр сағат 22.15 шамасында болған.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 5 жасар сәби абайсызда каналға құлап көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамыр сағат 22.15 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде болған.
«Ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылғы сәби «Ақарық» каналына абайсызда құлап кеткен. Бұлдіршін оқиға орнында көз жұмды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Баланың денесі судан жергілікті тұрғындардың және ТЖД өкілінің күшімен шығарылды. Каналдың ені – 3, тереңдігі – 1 метр.