ERNUR.KZ. Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды, деп жазады Kazinform.
Қызылорда облысында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді.
Шара барысында жеңгетайлықпен айналысқан 2 азаматша анықталды.
Облыс орталығындағы екі саунаның 39, 50 жастағы меңгерушілері келген тұтынушыға пайдакүнемдік мақсатта жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.
«Күдіктілер әрбір шақыру бойынша 5 мың теңге сыйақы ретінде ақшалай қаражат алып отырған. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер — ақша және байланыс құралдары алынды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі жасөспірімді өткір затпен жарақаттаған күдікті қолға түскенін хабарлаған едік.